We use a few cookies

Essential cookies keep the library working. With your permission, we'd also like to use analytics to see what's useful and improve the experience. Read our Privacy Policy or Cookie Policy.

Skip to main content
Home/e-Resources/Agriculture/Қызанақтың негізгі зиянкесіне қарсы энтомофагтарды капсулалау және оларды Biodrop арқылы ұшқышсыз ұшу аппаратымен (ҰҰА) қолдану
PeriodicalsAgriculture

Қызанақтың негізгі зиянкесіне қарсы энтомофагтарды капсулалау және оларды Biodrop арқылы ұшқышсыз ұшу аппаратымен (ҰҰА) қолдану

Checking your access to this record.

Abstract & Overview

Түйін Алғышарттары мен мақсаты. Қазіргі ауыл шаруашылығында химиялық пестицидтерді азайту және экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу қажеттілігі өсуде. Осыған байланысты зерттеудің мақсаты – трихограмма (Trichogramma spp.) мен габробракон (Habrobracon hebetor) энтомофагтарын жаппай өсіру, капсулалау және оларды ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) арқылы енгізу технологияларын жетілдіру. Материалдар мен әдістер. Зерттеулер зертханалық және далалық жағдайда жүргізілді. Энтомофагтарды өсіру процесінде микроклимат параметрлерін бақылау үшін Edge–Fog–Cloud архитектурасына негізделген IoT жүйесі (Arduino Mega, Raspberry Pi 4B және датчиктер) қолданылды. PLA-пластиктен 3D-басып шығарылған биоыдырайтын капсулалар әзірленіп, олардың беріктігі 3 м биіктіктен түсіру арқылы бағаланды. Далалық тәжірибелерде биоагенттер Biodrop жүйесі арқылы енгізілді. Нәтиже. Оңтайлы капсула үлгілері (трихограмма үшін №2–3, габробракон үшін №3–4) иелердің 100% қоныстануын және паразитоидпен толық залалдануын қамтамасыз етті. Капсулалар механикалық әсерге төзімді болды. Алматы облысында жүргізілген тәжірибелерде биологиялық тиімділік 69,5–82,8% деңгейінде анықталды. Қорытынды. Энтомофагтарды капсулалау, микроклиматты цифрлық бақылау және ҰҰА арқылы енгізу технологияларын біріктіру биологиялық қорғаудың тиімділігін арттырып, экологиялық қауіпсіз және автоматтандырылған ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.

Cite this record

Author, A.M. Chadinova, G.Zh. Mendibaeva, N.D. Kurmangalieva (2026). Қызанақтың негізгі зиянкесіне қарсы энтомофагтарды капсулалау және оларды Biodrop арқылы ұшқышсыз ұшу аппаратымен (ҰҰА) қолдану. Eurasian Agrotechnical Journal, (2(130)). https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2191

Copy in another style

Author, Chadinova, A., Mendibaeva, G., & Kurmangalieva, N. (2026). Қызанақтың негізгі зиянкесіне қарсы энтомофагтарды капсулалау және оларды Biodrop арқылы ұшқышсыз ұшу аппаратымен (ҰҰА) қолдану. Eurasian Agrotechnical Journal. https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2191
Author names are used as deposited, so check their order before you submit.

Metadata is harvested from open-access indexes and can be incomplete. Check a citation against the published version before relying on it — see our open access & attribution policy.