We use a few cookies

Essential cookies keep the library working. With your permission, we'd also like to use analytics to see what's useful and improve the experience. Read our Privacy Policy or Cookie Policy.

Skip to main content
Home/e-Resources/Agriculture/Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының піштірілген бұқашықтарының бордақылау сапасын жайып-семірту және қорада бағып-күту жағдайларында салыстырмалы бағалау
PeriodicalsAgriculture

Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының піштірілген бұқашықтарының бордақылау сапасын жайып-семірту және қорада бағып-күту жағдайларында салыстырмалы бағалау

Checking your access to this record.

Abstract & Overview

Түйін Алғышарттар мен мақсат. Бүгінгі таңда етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы бағып-күту жүйелері мен жоғары бордақылану әлеуеті бар генотиптерді сұрыптау есебінен өнімділікті арттыруға және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Зерттеудің мақсаты — әртүрлі бағып-күту жүйелерінде қазақтың ақбас, симментал тұқымдары және олардың будандары сияқты етті бағыттағы піштірілген бұқашықтардың өсу қарқыны мен азық конверсиясын салыстырмалы бағалау. Материалдар мен әдістер. Зерттеу 8 айдан 21 айға дейінгі жас шамасындағы үш генотиптік топтағы піштірілген бұқашықтарға жүргізілді. Мал жайылымдық жайып-семіртуден өтіп, соңғы кезеңде қорада бақыланатын рационмен бордақыланды. Зерттеу кезінде тірілей салмақ, орташа тәуліктік өсім, азық тұтыну және морфометриялық көрсеткіштер есептелді. Азық конверсиясы бір кг тірі салмаққа жұмсалған азық бірліктері арқылы анықталды. Деректерді сипаттамалық және вариациялық статистика әдістерімен өңдеу арқылы генотип пен ұстау жүйесінің әсері бағаланды. Нәтижелері. Ең жоғары тірілей салмақ, орташа тәуліктік өсім және дене индекстері III топтағы піштірілген бұқашықтарда (симменталдар мен будандар) тіркелді. Салыстырмалы өсу жылдамдығы мен тірілей салмақ коэффициенттері генотиптік ерекшеліктерді көрсетті: будандар ерте кезеңде артықшылыққа ие болса, симменталдар бордақылаудың соңына дейін басымдықтарын сақтады. Морфометриялық параметрлер және бұлшықет массасы мен дене толықтығын сипаттайтын индекстер III топ малдарының ет бағытындағы әлеуетін растады. Қорытынды. Алынған нәтижелер етті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығында рациондарды және бағып-күту жүйесін жобалау кезінде генотиптік ерекшеліктерді ескеру қажеттігін көрсетеді. Аралас бағып-күту жүйесі өсу тұрақтылығы мен азық тиімділігін жоғарылатып, ал симменталдар мен будандар ең жоғары өнімділікті көрсетіп, шаруашылықтың экономикалық тиімділігін арттырады.

Cite this record

Author, N.M. Gubashev, T.G. Amangaliev, Zh.N. Makhimova, A. T. Kozhabergenov (2026). Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының піштірілген бұқашықтарының бордақылау сапасын жайып-семірту және қорада бағып-күту жағдайларында салыстырмалы бағалау. Eurasian Agrotechnical Journal, (1(129)), 110–122. https://doi.org/10.51452/eaj.2026.1(129).2120

Copy in another style

Author, Gubashev, N., Amangaliev, T., Makhimova, Z., & Kozhabergenov, A. T. (2026). Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының піштірілген бұқашықтарының бордақылау сапасын жайып-семірту және қорада бағып-күту жағдайларында салыстырмалы бағалау. Eurasian Agrotechnical Journal, 110–122. https://doi.org/10.51452/eaj.2026.1(129).2120
Author names are used as deposited, so check their order before you submit.

Metadata is harvested from open-access indexes and can be incomplete. Check a citation against the published version before relying on it — see our open access & attribution policy.